ШАХТИНСК ҚАЛАСЫНДА АКЦИЯ! «Вейпты тапсыр – денсаулықты таңда!»

ШАХТИНСК ҚАЛАСЫНДА АКЦИЯ! «Вейпты тапсыр – денсаулықты таңда!»

15 қыркүйекте Шахтинск қаласында зиянды әдетпен — вейптар мен электронды темекілерді қолданумен күресуге бағытталған профилактикалық акция өткізілді.
 Акцияның мақсаты:
Жасөспірімдер мен жастардың никотинді және электронды құрылғылардың зияны туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ оларды ешқандай салдарсыз өз еркімен тапсыруға мүмкіндік беру.

 Қатысушыларға:
- Вейптарды, басқа да сұйықтықтарды жасырын тапсыру;
- Пайдалы жадынамалар мен сыйлықтар алу;
- Никотин мен вейптің зияны туралы әңгімелесулер мен интерактивті дәрістерге қатысу ұсынылды

 Акция прокуратура, полиция бөлімі, Шахтинск технологиялық колледжі және Шахтинск қаласы жастарының ресурстық орталығы еріктілерінің қолдауымен өткізілді.
 Мамандар вейптің денсаулыққа зияны туралы айтып: вейп немесе денсаулықты таңдау өз қолдарында екенін еске салды.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі