12 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты халыққа Жолдауын талқылау бойынша қала активі өткізілді.
Активтің жұмысына қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдастық пен жастар өкілдері қатысты.
Ісшараны қала әкімі ашты, ол Президенттің жыл сайынғы Жолдауы -Қазақстанның Даму стратегиясын айқындайтын маңызды саяси құжат екенін атап өтті. Сонымен қатар аталған бастамалардың барлығы халықтың мүдделерін тікелей қозғайтынын және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Актив барысында басты назар келесі басым бағыттарға:
Ісшараға қатысушылар Президенттің алған бағытына толық қолдау білдіріп, Жолдау жалпы елдің де, өңірлердің де, оның ішінде Шахтинск қаласының да тұрақты дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қойылған міндеттерді табысты іске асыру мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың күш-жігерін біріктіру кезінде ғана мүмкін болатыны айқындалды.Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі