Ұстаз – ұлағатты, ұлы атақ

Ұстаз – ұлағатты, ұлы атақ

Мерекелік күнтізбедегі тізілген мерекелердің ішінде Ұстаздар күні ерекше орынға ие. Бұл мереке мектептегі қызықты шақтарын, ұстаздарымен бірге өткізген қызыққа толы кезеңдерді уақыт өтсе де есінде сақтап жүрген  әр адамға ыстық.

Кәсіби мереке қарсаңында қала әкімі С.Аймақов ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, осы саладағы үздік мамандарға  қала әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті. Биылғы жылы мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері марапатталды.

Өзінің құттықтау сөзінде Сержан Жанабекұлы ұстаздардың  ерекше рөлін атап өтті, сонымен бірге олардың ерең де елеулі  еңбектері мен мамандықтарына деген адалдықтары үшін, күн сайын балаларға сыйлайтын рухани байлықтары үшін алғысын білдіре отырып, ұлы мамандық иелеріне зор денсаулық, мол бақыт, сарқылмас күш-қуат, болашақты тәрбиелеу ісінде шығармашылық табыстар тіледі.

Шахтинск қаласы әкімінің аппараты ұстаздарды, білім саласының қызметкерлерін және педагогика саласындағы еңбек ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды! Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға шаттық пен қуаныш тілейді!

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі