Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, облыстың барлық деңгейдегі әкімдерінің 2025 жылға арналған халықпен кездесулерінің икемді күнтізбесі әзірленді, оған сәйкес 2025 жылғы 8 тамызда сағат 16.00-де Новодолинский кентінің мәдениет үйінде Новодолинский кентінің әкімі Исатаев Ерсін Сыздықұлының Новодолинский кентінің халқы алдындағы кездесуі өтеді.
Кент әкіміне жеке сұрақ немесе шағым беруге ниет білдірген барлық адамдар үшін кездесу аяқталғаннан кейін тікелей азаматтарды қабылдау ұйымдастырылады. Қабылдауға алдын ала жазылу Новодолинский кентінің әкімі аппаратының қабылдау бөлмесінде және 59514 телефоны бойынша жүргізіледі.
Бұдан бөлек, кент әкіміне өз ұсыныстарыңызды енгізу үшін және сұрақтарыңызды қою үшін арнайы орнатылған жәшіктерді немесе «сенім телефонын» пайдалана аласыз.
Новодолинский кенті әкімінің аппараты
Елді мекен |
Жәшіктердің орналастырылған жері |
Мекенжайы |
«Жедел желі» телефоны |
Новодолинский кенті |
Новодолинский кенті әкімінің аппараты |
Центральная көшесі, 4 |
59514 |
Кенттің МҮ |
Школьная көшесі, 3 |
||
Кенттің отбасылық денсаулық орталығы |
Школьная көшесі, 9 |
||
Кенттің пошта байланысы бөлімшесі |
Центральная көшесі, 1а |