«Достарға арналған қоректендіргіш» экологиялық акциясы

«Достарға арналған қоректендіргіш» экологиялық акциясы

Жақында қаламызда маңызды оқиға – Оқушылар сарайының екінші корпусының аумағында «TARLAN» мектеп автокартодромының ашылуы күтілуде. Осы объектінің аумағын абаттандыру және «Таза Қазақстан» республикалық акциясын іске асыру аясында Оқушылар сарайы мектепке дейінгі ұйымдармен бірлесіп «Достарға арналған қоректендіргіш» экологиялық акциясын өткізді. Балабақша тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге Оқушылар сарайының педагогтарімен бірге ағаштарға қоректендіргіштер жасап, іліп қойды. Құстарға арналған қоректендіргіштер мен үйшіктер өте жарқын, қызықты және алуан түрлі болып шықты.
Акцияның негізгі мақсаты – экологиялық тәрбие беру, туған өлкенің құстарына мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыру, балалардың назарын құстарды азықтандыру мәселесіне аудару.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі