10 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Арман Қалықов жұмыс сапарымен Шахтинск қаласына келді

10 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Арман Қалықов жұмыс сапарымен  Шахтинск қаласына келді

Іссапар барысында ол маңызды объектілерге барып қайтты:

  • Шахан кентіндегі 25 пәтерден тұратын 2 подъезді тұрғын үйді қайта құру объектісіне
  • Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан «Сарань–Шахан–Шахтинск» тас жолына
  • Шахтинск қаласындағы 60 пәтерден тұратын тұрғын үй құрылысына
  • 3 кезекті су құбырлары желісін қайта жаңарту жобасын іске асыру объектілеріне
  • Қалалық ауруханада жүргізіліп жатқан түбегейлі жөндеу жұмыстарына

Осындай іссапарлар түйінді өзекті мәселелерді жедел шешуге ықпал етеді және жергілікті жерлерде мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін арттырады.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі