30 маусым мен 6 шілде аралығында Астана қаласында ерлер мен әйелдер арасында бокстан Әлем кубогы өтті. Аталған жарысқа әлемнің 30 елінен 300-ге жуық боксшы қатысты.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында Шахтинск қаласының спортшысы — Сабыржан Аккалыков өнер көрсетіп, 75 келі салмақ дәрежесінде Әлем кубогының чемпионы атанды.
Сабыржан Аққалыковты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі