Сіздерді қазақ халқының мәдени бай мұрасын ұлықтайтын - Ұлттық Домбыра күнімен құттықтаймын!
Домбыра — жай ғана музыкалық аспап емес, ол біздің тарихымыздың, жанымыздың және бірлігіміздің символы іспеттес. Домбыраның қоңыр әуенінен кең даланың құдыреті, ата-бабамыздың даналығы мен ұлт мақтанышы сезіледі. «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп бекер айтылмаған.
Осынау айтулы күні біз өзіміздің салт-дәстүрімізді жаңғыртып, ұрпақтан ұрпаққа добыраның қадыр-қасиеті мен киесін ұғындырып, олардың осынау ұлттық аспапқа деген қызығушылығын арттырып жүрген дарынды музыканттар мен қас шеберлерге құрмет көрсетеміз.
Ұлттық аспабымыз – домбыраның әуені бізді жасампаздыққа, үйлесімділікке және Отанға деген сүйіспеншілікке шабыттандыра отырып, әр адамның жүрегінде күмбірлесін.
Баршаңызға осынау мереке күні зор денсаулық, әр отбасына бейбіт өмір мен игілік тіледім!
Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.