Құрметті Мемлекеттік қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері!

Құрметті Мемлекеттік қызметшілер мен  ішкі істер органдарының қызметкерлері!

Сіздерді Мемлекеттік қызметшілер күнімен және Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл кәсіби мерекелер мемлекетке қызмет етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге барын салған адамдарды біріктіреді. Сіздер қоғамымыздың дамуына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға зор үлес қосып, күн сайын жоғары кәсібилік, жауапкершілік пен өз міндеттеріңізге адалдық танытасыздар.

Мемлекеттік қызмет адалдықты, ашықтықты талап етеді, ал полиция қызметі батылдықты, шешімділікті және кез келген уақытта көмекке келуге дайын болуды талап етеді. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында тұрақтылық, қауіпсіздік қамтамасыз етілуде.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін!

Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!

Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.