Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, Шахтинск қаласының және оған іргелес кенттердің мемлекеттік органдары, ұйымдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде. 20 маусым күні қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау өткізіледі.