Құрметті Шахтинск қаласының және оған іргелес кенттердің тұрғындары!

Құрметті Шахтинск қаласының және оған іргелес кенттердің тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес, облыстың барлық деңгейдегі әкімдерінің 2025 жылға арналған халықпен кездесулерінің икемді күнтізбесі әзірленді, оған сәйкес 2025 жылғы 27 маусымда сағат 16.00-де Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет сарайында Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков Мұрат Есетұлының халық алдындағы кездесуі өтеді.

Қала әкіміне жеке сұрақ немесе шағым беруге ниет білдірген барлық адамдар үшін кездесу аяқталғаннан кейін тікелей азаматтарды қабылдау ұйымдастырылады. Қабылдауға алдын ала жазылу Шахтинск қаласы әкімі аппаратының №1 кабинетінде және 53879 телефоны бойынша жүргізіледі.

Бұдан басқа, қала әкіміне өз ұсыныстарыңызды және сұрақтарыңызды E-mail: sh_org@akimat09.kz электрондық поштасы арқылы немесе @presssluzhbagshakhtinska (direct) Instagram-да енгізуге, сонымен қатар арнайы орнатылған жәшіктерді немесе «жедел желі» телефоны арқылы пайдалануға болады.

Шахтинск қаласы әкімінің аппараты

Елді мекен

Жәшіктердің орналастырылған жері

Мекенжайы

«Жедел желі» телефоны

 

Шахтинск қаласы

 

ХҚКО

Абай даңғылы, 65б

54240

53252

Пошта байланысы бөлімшесі

Казахстанская көшесі, 100а

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Калинин көшесі, 17