Қарағанды облысы бойынша Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалы директорының кездесуі

Қарағанды облысы бойынша Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалы директорының кездесуі

11 маусымда Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Серікжан Берікбайұлы Байбосынов ақпараттық кездесу өткізіп, келесі мәселелер бойынша мәлімет берді:

  • 2025 жылғы Академияға қабылдау ережелеріндегі жаңалықтар;
  • Алдыңғы жылдармен салыстырғандағы өзгерістер;
  • Магистратура және докторантура бағдарламаларының ерекшеліктері;
  • Кандидаттарға қойылатын талаптар, оның ішінде кәсіби тәжірибе, біліктілік және мотивация.

Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, Академияға түсуге қатысты өзекті ақпаратпен танысты.

Мемлекеттік басқару академиясы — нәтижеге бағытталған, заманауи басқару тәжірибесін меңгерген жаңа буын мемлекеттік қызметшілерді даярлайтын жетекші оқу орны болып қала береді.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі