Азия Чемпионаты

Азия Чемпионаты

2025 жылдың 10-24 мамыры аралығында Коломбода (Шри-Ланка) U19 және U22 жас санаттарындағы ұлдар мен қыздар арасында бокстан Азия Чемпионаты өтуде. Бокстан ҚР құрама командасының құрамында Шахтинск спортшысы Расул Асанханов 92 кг салмақ дәрежесінде 1-ші орынды иеленді. Финалда біздің боксшы ауғанстандық Оман Хотакты жеңді. Жеңіспен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі