2025 жылғы AMM Конгресі туралы хабарландыру

2025 жылғы AMM Конгресі туралы хабарландыру

2025 жылғы 4-5 маусым күні Астана қаласында «ITECA» ЖШС Қазақстандық көрме компаниясы Astana Mining & Metallurgy 2025 15-ші Мерейтойлық тау-кен металлургия конгресін өткізуді жоспарлап отыр.

Бағдарламаға Форум, көрме, бос орындар жәрмеңкесі, таныстырылым сессиялары, техникалық семинарлар, дөңгелек үстелдер, B2B және G2B кездесулері, сондай-ақ «Алтын Гефест» индустриялық байқауы кіреді.

AMM 2025 Конгресінің басты тақырыбы – «ТМК трансформациясы: жаһандық сын-қатерлер мен нарықтың өзгеруіне жауаптар».