ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ ІС

ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ ІС

Үлкенге құрметін, кішіге ізетін көрсететін Саран қаласының еріктілер тобы қаланың тазалығына бей-жай қарамайды. Аптасына бір рет болсын игі іске қатысып, ел алғысына кенелуде.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай қалалық жастар ресурстық орталығы директорының м.а. Евгений Хисметов Саран техникалық колледждің студенттері мен ерікті азаматтармен бірге Жеңіс стелласының маңайын қоқыс-қалдықтардан тазартып, ауласын ретке келтіруге атсалысты. Сондай-ақ, «Жауынгер-интернационалистерге арналған» ескерткішке барып қайтты.