Саран қаласының әкімі Еркін Энглисұлы Баулыков 2023 жылғы 29 қыркүйек күні сағат 11.00-де Ақтас кентінің тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Кездесу Ақтас кенті, Космическая көш., 11 үй мекенжайы бойынша «№16 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініш-шағымдарыңызды жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) (8-72137) 7-40-16 телефоны бойынша қалдыруға немесе sar_apparat@krg.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауға болады.