Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарды газды қолдану қауіпсіздігін сақтауға шақырды

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарды газды қолдану қауіпсіздігін сақтауға шақырды

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарды газды қолдану қауіпсіздігін сақтауға шақырды. Өңір басшысы ТЖД-ға түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

– Сенбіде Қарағандыда төтенше жағдай орын алды. Екі қабатты үйде газ баллоны жарылды. Мен газ қолданатын тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтап, өзіңізге және көршілеріңізге қауіп төндірмеулеріңізді сұраймын. Әр үйді мәжбүрлеп тексеруге біздің құқығымыз жоқ, сондықтан әркімнің жауапкершілік сезімі болуы керек. Қауіп туындаған жағдайда дереу арнайы қызметтерге хабарласыңыздар, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Суықта газ баллондары жиі қолданылады. Бұл өте қауіпті. ТЖД газбен қауіпсіз жұмыс істеу техникасын түсіндіруі қажет, деп атап өтті облыс әкімі.

Қарағанды облысының әкімдігі