Саран қаласының тұрғындары назарына!

Саран қаласының тұрғындары назарына!

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қазан айының бірінші жартысында Саранға барады. Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Кездесу күні мен уақыты қосымша хабарланады.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды.

Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (8-72137) 7-40-16 телефоны бойынша (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе sar.apparat@krg.gov.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.