Бас Прокурордың бұйрығымен Қарағанды облысы Саран қаласының прокуроры тағайындалды

Бас Прокурордың бұйрығымен Қарағанды облысы Саран қаласының прокуроры тағайындалды

Бас Прокурордың бұйрығымен Қарағанды облысы Саран қаласының прокуроры тағайындалды.
Саран қаласының прокуроры болып әділет кеңесшісі Нақышев Жанқозы Олжабаевич тағайындалды.
Ж.О.Нақышев еңбек жолын 2001 жылы Жезқазған қаласы прокурорының көмекшісі міндетін атқарушы қызметінен бастаған.
Жезқазған қаласы прокурорының аға көмекшісі, Балқаш қаласы прокурорының орынбасары, Теміртау қаласы прокурорының орынбасары, Сәтбаев қаласының прокуроры болып жұмыс істеді.
2017 жылдан бастап Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының прокуроры қызметін атқарды. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан астам.

Қарағанды облысының прокуроры Мырзакеров Бауыржан Қыпшақұлы қала прокурорын жаңа тағайындалуымен құттықтап, жұмысқа табыс тіледі.Б. Мырзакеров сондай-ақ, прокуратура органдарының алдында тұрған бірінші кезектегі міндеттерге аударды, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша жұмысты күшейту және қадағалау тиімділігін арттыру қажеттігі туралы айтты.