Құрметті Саран қаласының және Ақтас кентінің тұрғындары!

Құрметті Саран қаласының және Ақтас кентінің тұрғындары!

«2022 жылғы 5 маусымда Республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 888 Жарлығына сәйкес «Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ-де Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындарын республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізуді тексеру бойынша Call-орталықтың жұмысы ұйымдастырылды.

Әрбір азамат өз учаскесін нақтылау бойынша консультация алу үшін Call-орталыққа жүгіне алады және өзінің тізімге енгізілгенін 7-40-07 телефоны бойынша күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін тексере алады.

2022 жылдың 20 мамырынан бастап сіз өзіңіздің дауыс беру аймағыңыздағы деректерді тексере аласыз.

Сондай-ақ, тізімдегі өзіңіз туралы деректерді арнайы жасалған «sailau09.kz» сайттан тексере аласыз.