Қарағанды облысында шоқыну қалай өтеді

Қарағанды облысында шоқыну қалай өтеді

Қарағанды облысында күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шоқынуға су аймағын жабдықтауға және ойыққа шомылуға тыйым салынған. Суды дұғамен тазарту барлық ғибадатханалардың аумағында өтеді.

Суды тарату шіркеулерде ашық ауада ұйымдастырылады. Қала тұрғындары оған 18 қаңтарда сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін және 19 қаңтарда сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін келе алады. Ауылдық жерлерде суды тарату уақыты туралы жергілікті ғибадатханалардан білуге болады. Олардың байланыс нөмірлері Қарағанды епархиясының eparhia.kz сайтында бар.

Қазақстан Православие шіркеуінің Қарағанды және Шахтинск епархиясының хатшысы Дмитрий Патрикеев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шоқыну кезінде эпидемияға қарсы шараларды сақтауға шақырды.

– 19 қаңтарда православие христиандары Иеміздің шомылдыру рәсімін немесе Эпифанияны атап өтеді – бұл ең маңызды христиан мерекелерінің бірі. Көптеген адамдар ойыққа түсу маңызды деп санайды. Бұл халықтық әдет-ғұрып, бірақ міндет емес, – деді Дмитрий Патрикеев. – Биыл мереке санитарлық нормалардың талаптарын ескере отырып өтеді. Өкінішке орай, су объектілерін дұғамен тазарту жүргізілмейді, сондықтан суға сүңгу болмайды. Әрине, бәріміз карантиннен шаршадық және қалыпты өмір сүргіміз келеді. Бірақ Қазақстанда вирустық инфекцияның жаңа толқыны басталды, сондықтан бізге өзімізді және жақындарымызды қорғау маңызды.

Шоқыну мерекесі кезінде су қоймаларының жанында төтенше жағдайларды болдырмау үшін ТЖД және басқа да қызметтер өкілдері кезекшілік ұйымдастырады.