Жастар арасында қаржылық сауаттылықты қалыптастыру жобасы аясында Қарағанды облысында тұрғын үй-жинақ және білім беру депозиттері, IPO, зейнетақы активтерін басқару және т. б. салалардағы сарапшылар және мамандармен ақпараттық іс-шаралар сериясы өткізіледі.
Қаржылық сауаттылық - бұл барлығына қосымша табыс табу үшін ғана емес, күнделікті өмір үшін де қажет білім. Жеке бюджетті жүргізу, есеп айырысулар мен төлемдер (банктік карталарды қоса), несиелер мен қарыздар, валюта, депозиттер — бұл қаржылық сауатты адамның негізгі "тұтыну қоржыны".
Біз Сіздерді "тұрмыстық" қаржылық сауаттылық саласына арналған іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Кездесу 24 қыркүйекте, сағат 19:00-де өтеді.
Өтетін орны: ZOOM
Спикер ретінде сертификатталған бизнес –жаттықтырушы, жобалық менеджер Байбосынов Серікжан сөз сөйлейді.
Кездесу тақырыбы: тұрмыстық қаржылық сауаттылық
ZOOM конференциясына қосылу үшін сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/82505268895?pwd=Mi92bkwwVEFEVWhNNVNReit3NjE1UT09