БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Ақтас кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Саран қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы 25 сессиясының № 277 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Саран қалалық мәслихатының шешіміне БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ (ПРЕСС РЕЛИЗІ)     

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 3-1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 65 бұйрығымен Саран қалалық мәслихаты шешімінің жобасы (бұдан әрі-жоба) әзірленді.

Аталған жоба жергілікті қоғамдастық жиналысы өкілдерінің қатысуына, Ақтас кенті әкімінің тікелей сайлауын өткізу кезеңінде жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге (кент әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін қалалық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін Саран қаласы әкімінің кент әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу; кент әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау) және халықтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=10419532