021 жылғы 25 шілдеде Ақтас кенті әкімінің сайлауы өтті.

021 жылғы 25 шілдеде Ақтас кенті әкімінің сайлауы өтті.

2021 жылғы 25 шілдеде Ақтас кенті әкімінің сайлауы өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінің әкімін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Ақтас кентінің әкімі болып - 1988 жылы туған Бауыржан Заруханұлы Ақанов сайланды. Бауыржан Заруханұлының екі жоғары білімі бар, бұрын Ақтас кенті әкімінің орынбасары, Саран қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді, салық жүйесінде түрлі лауазымдарда 10 жылдан астам жұмыс істеді. Бүгін Саран қаласының әкімі Ержан Оралұлы Темірханов @temirkhanovyerzhan және Саран қалалық мәслихатының хатшысы Өміржан Зейнешұлы @baimaganbetovomirjanzeineshuly жаңа әкімді Ақтас кенті әкімдігінің ұжымына таныстырды, сондай-ақ Саран қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Қойшыбайұлы Омаров Бауыржан Заруханұлына Ақтас кенті әкімінің куәлігін табыс етті.
Саран қаласының әкімі кенттің жаңа әкімін сайлануымен құттықтап, кенттің инфрақұрылымын жақсарту, абаттандыру, газдандыру және коммуналдық мәселелерді шешу бойынша бірқатар міндеттер қойды.
Жеке өтініш-шағымдарға арналған инстаграм аккаунты - @akanov.baurzhan