Қоғамдық тыңдаулар

Қоғамдық тыңдаулар

«KamaTyresKZ» ЖШС жұртшылықты «Қазақстан Республикасында Шина өндірісін ұйымдастыру» жобасы бойынша П кезеңінің қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) материалдары бойынша ашық жиын түріндегі қоғамдық тыңдауы өткізілетіні туралы  хабардар етеді. 

Қоғамдық тыңдау 2021 жылдың 26 сәуірінде сағат 11.00-де ZOOM платформасындағы конференциялық байланыс арқылы онлайн режимінде өтеді. Қатысушыларды тіркеу 26.04.2021 ж. сағат 10:45-тен басталады. Қоғамдық тыңдауларға кіру және қатысу үшін ZOOM конференциясына кіру қажет: конференция идентификаторы – 459 991 9715, кіру коды: akimat.

Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты орган: «Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ, байланыс телефоны 8 (72137)74000

Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты адамның байланыс деректері: sar_apparat@krg.gov.kz .

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік орган: «Мемлекеттік сараптама» РММ.

Жобаға тапсырыс беруші: «KamaTyresKZ» ЖШС, 101200, Қазақстан, Қарағанды облысы, Саран қ., 046 есептік орам, 329 құрылыс, тел. +7(917)285-09-13, e-mail: smyshlyaevav@tatneft.ru

Жобаны әзірлеуші: «ОНХП» ЖАҚ, Ресей, Омбы қ., 644050, Инженерлер бульвары, 1. Тел.: (3812)-28-55-34, www.onhp.ru , e-mail: postoffice@onhp.ru .

ҚОӘБ материалдарының электрондық нұсқасы және сауалнама парағы 26.03.2021 ж. бастап https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-saran мекенжайы бойынша «Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ сайттарында  және «ОНХП» ЖАҚ жобалау институтының ресми сайтында  www.onhp.ru орналастырылады   

Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67, Саран қаласы әкімдігінің ғимараты мекенжайы бойынша құжаттармен қағаз түрінде танысып, ескертулер мен ұсыныстар қалдыра аласыз.

Барлық ескертулер мен ұсыныстар sar_apparat@krg.gov.kz, postoffice@onhp.ru электрондық мекенжайлары бойынша қабылданады.

Ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.