Құрметті Саран қаласы және Ақтас кентінің тұрғындары!

Құрметті Саран қаласы және Ақтас кентінің тұрғындары!

2021 жылғы 10 қаңтарда

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді

 

Дауыс беру күнінде 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға мүмкіндігі бар.

Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңыздың іске асырылуының кепілі болып табылады.

Сіз өзіңіз туралы мәліметтерді Саран қаласы әкімдігі Call-орталығының 74007 телефоны бойынша сайлаушылар тізімінен, сондай-ақ өзіңіздің сайлау учаскеңізден тексере аласыз.

Сайлауға қатысыңыз! Өз таңдауыңызды жасаңыз! Сіздің дауысыңыз шешуші!

Саран қаласының әкімі

Е.О. Темирханов