Құрметті Саран қаласы және Ақтас кентінің тұрғындары!

Құрметті Саран қаласы және Ақтас кентінің тұрғындары!

 «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 қазандағы Жарлығына сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.

Сайлаушылар тізімдерінің толықтығы мен дұрыстығы, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында Саран қаласы әкімдігінің жанынан сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексеру бойынша Call-орталықтың жұмысы ұйымдастырылды.

Әрбір сайлаушы сайлаушылар тізімдерінде нақтылау бойынша кеңес алуға және қай сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысуға болатыны жөнінде күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, 7-40-07 телефоны бойынша Call-орталыққа жүгіне алады.

Сонымен қатар сайлаушылар тізіміндегі өзіңіз туралы мәліметтерді арнайы құрылған sailau09.kz сайтынан тексере аласыз.

Құрметті сайлаушылар, Саран қалалық сайлау комиссиясы Сізден өзіңіздің азаматтық ұстанымыңызды танытуды және сайлау құқығыңызды іске асыруды сұрайды.