
«Қазақтелеком» АҚ жер қазу жұмыстарын бастамас бұрын оларды жер асты инженерлік коммуникацияларының иелерімен міндетті түрде келісу қажеттігін еске салады.
Келісілмей жүргізілген жер қазу жұмыстары байланыс кабельдерінің зақымдануына, телекоммуникация желілерінің жұмысының бұзылуына, халыққа, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға көрсетілетін байланыс қызметтерінің үзілуіне, сондай-ақ кінәлі тұлғалардың материалдық жауапкершілігіне әкеп соғуы мүмкін.
Апаттық жағдайлардың алдын алу және байланыс желілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жер қазу жұмыстарын бастамас бұрын жұмыстар жүргізілетін орынды келісу және байланыс кабельдерінің өту бағытын нақтылау үшін «Қазақтелеком» АҚ-ға хабарласуларыңызды сұраймыз.
Жер қазу жұмыстарын келісу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін қысқа нөмір – 1437.
Жер қазу жұмыстарын уақытылы келісу байланыс желілерінің зақымдануының алдын алуға, апаттардың туындауына жол бермеуге және байланыс қызметтерінің үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ынтымақтастықтарыңызға және телекоммуникациялық инфрақұрылымды сақтауға жауапкершілікпен қарағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!