2026 жыл – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толатын тарихи әрі тағылымы зор кезең. Бұл мерейтой еліміздің тәуелсіз даму жолындағы жетістіктерін саралап, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық нығаюына елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегін кеңінен дәріптеуге бағытталған.
Тәуелсіздік жылдары байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар салалары еліміздің цифрлық дамуының маңызды тірегіне айналып, экономиканың өркендеуіне, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және халықтың өмір сапасын жақсартуға зор ықпал етіп келеді. Аталған салаларда еңбек етіп жүрген мамандардың кәсібилігі, біліктілігі мен жауапкершілігі еліміздің технологиялық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Осы ретте, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар салаларында адал еңбек етіп, кәсіби жетістіктерімен ерекшеленген, еліміздің цифрлық дамуына елеулі үлес қосқан үздік мамандарды анықтау, олардың жетістіктерін дәріптеу және жас буынға үлгі ету мақсатында «БАЙЛАНЫС САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ» және «ҮЗДІК IT МАМАН» республикалық байқаулары ұйымдастырылуда.
Аталған байқауларды қолдауыңызды сұрай отырып, Қарағанды облысына қарасты қалалық, аудандық және ауылдық елді мекендерде қызмет атқаратын байланыс, телекоммуникация және IT саласының мамандарын ақпараттандырып, байқауға қатысуларына ықпал етуіңізді сұраймыз.
«БАЙЛАНЫС САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрлық трансформация бағытын стратегиялық басымдық ретінде айқындап, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды дамытуға ерекше мән беруде. Осыған орай, елімізде Цифрлық кодекс пен «Жасанды интеллект туралы» Заң қабылданып, байланыс және телекоммуникация саласын дамытуға кең мүмкіндік жасалуда.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында «Даму» халықаралық инновациялық орталығы мен «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтетін «БАЙЛАНЫС САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ» республикалық байқауына сала мамандары қатысуға шақырылады.
Байқаудың мақсаты – байланыс және телекоммуникация саласында ерен еңбек етіп жүрген білікті мамандардың кәсіби мәртебесін арттыру, олардың ел дамуына қосқан нақты үлесі мен кәсіби жетістіктерін қоғам арасында кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, өңірлердегі сала мамандары арасындағы кәсіби ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамыту, озық цифрлық тәжірибелерді дәріптеу, жас мамандарға кәсіби бағыт-бағдар беру және ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында байланыс саласындағы еңбек адамдарының рөлін айрықша атап өту болып табылады.
Байқауға қатысушылар:
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman) және өтініш кестесін толтырып бірге жіберу қажет. Сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс. Құжаттар bilim.parasat@mail.ru электронды почтасына немесе +7 747 687 72 47 WhatsApp номеріне 2026 жылдың шілде айының 15-не дейін қабылданады.
Байқау жеңімпаздарына төмендегі марапаттар табысталады:
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді. Салтанатты марапаттау рәсіміне жолдама іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Марапаттау рәсімі барысында елімізге белгілі тұлғалар қатысып, Сол кісілердің қолынанарнай Үздіктерге арналған төсбелгі және тағы басқа марапаттар табыс етіледі.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety
Құжат қабылдау номері WhatsApp: +7 747 687 72 47 Ұйымдастыру алқасы:
+7 747 687 72 47, +7 747 702 52 62, +7 707 142 74 40
«ҮЗДІК IT МАМАН»
«Даму» халықаралық инновациялық орталығы мен «Bilim-Órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «ҮЗДІК IT МАМАН» атты республикалық байқауына еліміздің барлық өңірлерінен ақпараттық технологиялар саласында табысты еңбек етіп жүрген білікті мамандар қатысуға шақырылады.
Байқаудың мақсаты:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды «Цифрландыру және Жасанды Интеллект жылы» деп жариялап, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін елдің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындады. Бұл бағыт Қазақстанды технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекетке айналдырумен қатар, ақпараттық технологиялар саласында еңбек ететін мамандардың рөлін күшейтуді және олардың кәсіби әлеуетін арттыруды талап етеді.
Осыған орай, IT саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген, кәсіби біліктілігі мен жоғары жауапкершілігімен ерекшеленетін мамандардың мәртебесін арттыру, саланың кәсіби құндылықтарын жүйелі түрде дәріптеу, сондай-ақ өңірлік IT қауымдастықтар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
Байқау қатысушылары:
Қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Байқаудың шарттары:
Көрсетілген құжаттарды 2026 жылдың шілде айының 15-не дейін elorda_2023@mail.ru электронды почтасына немесе +7 708 935 69 45 WhatsApp номеріне жіберу қажет.
Байқау қатысушыларына табысталады:
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан арнайы марапаттар мен төсбелгі табыс етіледі.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/ Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety
Құжат қабылдау WhatsApp номері: +7 708 935 69 45
Ұйымдастыру алқасы: ++7 708 935 69 45,
+7 747 702 52 62, +7 707 142 74 40