ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ!

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ!

2021 жылғы 10 қаңтар

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы

 

Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз және белсенді сайлау құқығына ие болсаңыз, онда Сіздің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға құқығыңыз бар.

Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз сайлауға қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі болып табылады.

Сайлаушылар тізімін жергілікті атқарушы органдар құрайды.

Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады. Сайлау учаскелерінің шекаралары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірілмей жарияланады.

Әрбір сайлаушы сайлау тағайындалған сәттен бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

Егер Сізге 2020 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей сайлау күні тіркелу орныңыз бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келуге мүмкіндігіңіз болмайтыны белгілі болған жағдайда, Сіз орналасқан жеріңіз бойынша әкімдікке Сізді сайлаушылардың тиісті тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

Егер Сіз тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болсаңыз және тұрғылықты жеріңіз бойынша уақытша тіркеуіңіз болса, Сіз сайлау күні өзіңіз дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылары тізіміне енгізу туралы 2020 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей жазбаша өтінішпен өзіңіз уақытша тұратын жердегі әкімдікке жүгінуге құқылысыз.

Құрметті сайлаушы! Құқықтық сауаттылық танытыңыз және өзіңіздің сайлау құқығыңызды іске асырыңыз! Өзіңізді сайлаушылар тізіміне енгізу бойынша заң тұрғысынан маңызды іс-қимылды уақтылы қабылдау қажет.

2020 жылдың 26 желтоқсанынан бастап Сізге өз сайлау учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінен өзіңіз туралы мәліметтерді тексеру мүмкіндігі беріледі.

 

ӨЗ ТАҢДАУЫҢЫЗДЫ ЖАСАҢЫЗ!