ЖШС TengriTyres шин зауытын пайдалану жөніндегі жобалық құжаттама (II санаттағы нысан) бойынша, 2025–2033 жылдар кезеңінде қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат алуға байланысты мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу шеңберінде аралас форматта (ашық жиналыс және бейнеконференциялар) қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Ең жақын елді мекен – Саран қ.
Ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар 2025 жылғы 07 қазанда сағат 11:00-де Қарағанды облысы, Саран қ., Жамбыл к-сі, 69/1, Мәдениет үйі мекенжайында өтеді. Қатысушыларды тіркеу жеке куәліктерді қолдану арқылы жүзеге асырылады (өзіңізбен бірге жеке куәлік алыңыз).
Қосылу үшін сілтеме:
https://zoom.us/j/4957500155?pwd=VXpCM2RZbkpmVnIzeU12R1ZHUE41Zz09&omn=92127080465
Идентификаторы: 495 750 0155. Кіру коды: 1BH9uv
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн режимінде Zoom қосымшасында өткізіледі.
Жоба материалларымен және қоғамдық тыңдаулардың хаттамаларымен (тындаудан кейін хаттамалар) //ndbecology.gov.kz/ Бірыңғай экологиялық порталында және басқару сайтында танысуға болады //www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-tabigat .
Төменде көрсетілген электрондық және пошталық мекенжайлар мен телефон нөмірлері бойынша:
- зауыттың қызметі мен қоғамдық тыңдаулардың өткізілуі туралы қосымша ақпарат алуға,
- жоспарланған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұратуға;
- тыңдаулардың пәні және қоғамдық тыңдаулардың жарияланған хаттамасы (тыңдаулар өткеннен кейін) бойынша өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды қағаз немесе электрондық түрде жолдауға болады:
1.Ұсынылған іс-шараның бастамашысы: TengriTyres ЖШС, БСН 201040014370, Саран қ., есептік квартал 046, құрылыс 62, Anna.Bratukhina@tengrityres.kz, Братухина Анна +77051998399.
2. Экологиялық құжаттаманы құрастырушы: «ЭкоМузей» ҚБ, БСН 970540003220, Қарағанды қ., Бухар Жырау д-лы, 47, tp@ecomuseum.kz , Оборина Катерина +77777166263.