Назар аударыңыздар, қала тұрғындары!

Назар аударыңыздар, қала тұрғындары!

Қаламызды таза ұстау және қоқыс шығаратын ұйыммен жедел байланыс орнату мақсатында, Сарань қаласындағы әрбір қоқыс алаңына QR-код пен байланыс нөмірі орнатылады.

Егер сіз:
— қоқыс жәшіктерінің толып тұрғанын
— уақытында шығарылмаған қоқысты
— қоқыс алаңының айналасындағы ластықты көрсеңіз

📸 Суретке түсіріп, мекенжайымен бірге көрсетілген нөмірге немесе QR-код арқылы жіберіңіз.

📲 Бұл мәселені тезірек шешуге және әр ауланы таза ұстауға көмектеседі!

🔄 Бұл ақпаратты көршілеріңізбен бөлісіңіз — бірге қаламызды таза етеміз!