2025 жылғы 26 қазанда өткен Саран қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 26 қазанда № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Саран қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 2754 азамат енгізілді. Дауыс беруге 1449 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша дауыс берген сайлаушылар саны – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 24 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

  1. № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Саран қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың келесі қорытындылары белгіленді:
    Владимир Владимирович Алескеров үшін 677 сайлаушы дауыс берді,
    Альбина Оспановна Нурмаханова үшін 101 сайлаушы дауыс берді;
    Азибек Алмазович Нурнаби үшін 183 сайлаушы дауыс берді;
    «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 334.
  2. Сайлау қорытындысы бойынша № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Саран қалалық мәслихатының депутаты болып Владимир Владимирович Алескеров сайланды, 1990 жылы туған, «A.V. Group» ЖШС бас директоры, Саран қаласы.

Саран қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 октября 2025