Саран қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2023 жылғы 18 ақпанда Саран қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Саран қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» шешім қабылданды.

Саран қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы                      Қ.Қ. Омаров баяндама жасады.

Ол 2023 жылғы 18 ақпандағы сағат 18.00 ахуалы бойынша Саран қаласының аудандық сайлау комиссиялары Саран қалалық мәслихатына ұсынылған 38 кандидаттың 28-ін тіркегенін хабарлады.

Тіркелген кандидаттар қатарында:

ерлер - 17 (60.71%)

әйелдер - 11 (39.3%).

Мамандықтар бойынша:

инженерлер – 3 (10.71%)

экономистер – 3 (10.71%)

педагогтар – 9 (32.14%)

заңгерлер – 5 (17.85%)

басқалары – 8 (28.57%)

Кандидаттар арасында:

коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері – 14 (50%)

мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері – 11 (39.28%)

қоғамдық ұйымдардың өкілдері – 1 (3.57%)

уақытша жұмыс істемейтіндер – 2 (7.14%)

2023 жылғы 18 ақпан күні сағат 18.00-ден бастап Саран қалалық мәслихатының депутаттығына тіркелген барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол 2023 жылғы 18 наурыз күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті, онда сайлау комиссиясының мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.

Дата публикации
18 февраля 2023