ХАБАР

ХАБАР

2021 жылғы 25 шілдеде Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кенті әкімінің сайлауы өтті.

Саран қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Саран қаласы Ақтас кентінің әкімін сайлау бойынша Ақтас сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6648 азамат енгізілді, олардың 5384-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 358, «бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған-55.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ақанов Б.З. – 1961; Акпаров Б.К. – 417; Кулбаев Ж.О. – 1033; Сүлейменов А.Р. –1560.

Саран қаласы Ақтас кентінің әкімі болып 1988 жылы туған, Ақтас кенті әкімінің орынбасары Ақанов Бауыржан Заруханұлы сайланды, Қарағандыда тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

 

Саран қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
25 июля 2021