2021 жылғы 14 шілдеде Саран қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Саран қаласы Ақтас кентінің әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» шешім қабылданды.
Саран қаласы Ақтас кентінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы К.К. Омаров баяндама жасады.
Ол 2021 жылғы 14 шілде сағат 18.00 ахуалы бойынша Саран қаласының сайлау комиссиясы Ақтас кентінің әкімдігіне ұсынылған төрт кандидаттан төрт адамды тіркегенін хабарлады.
Тіркелген кандидаттардың ішінде 4 (100%) ер адам.
Ақтас кентінің әкімдігіне кандидаттардың барлығы жоғары білімді. Олардың арасында құрылысшылар, заңгерлер, экономистер, отставкадағы әскери қызметшілер бар.
Кандидаттар арасында: 3 мемлекеттік қызметші, 1 еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткер.
2021 жылғы 14 шілде күні сағат 18.00-ден бастап Саран қаласы Ақтас кентінің әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар 2021 жылғы 24 шілде күні сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
«Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысымен кандидатқа БАҚ - та: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан артық емес екі мақаласын жариялау үшін қаражат бөлу көзделген. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.
Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті, онда сайлау комиссиясының мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.