Ең жақын ХҚО

Ең жақын ХҚО

Жақын орналасқан ХҚО-ны тауып, кезекті алдын ала брондау - уақытыңызды едәуір үнемдейді. Сіз тек Мобильді азаматтар базасында тіркелсеңіз болғаны.

Бүгін біз оның ең ыңғайлы алгоритмін айтамыз:
1. Telegram мессенджерінде @Kenes1414Bot (EgovKzBot2.0) ботын табыңыз;
2. Телефоныңыздың геолокациясын қосыңыз;
3. «Ең жақын ХҚО» қызметін таңдаңыз;
4. Орналасқан жеріңізді жіберген соң жақын маңдағы ХҚО-лардың мекенжайы көрсетілген карта шығады;

Ары қарай кезекті брондауға кірісіңіз:
- Бас мәзірде «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдаңыз;
- Аймақты және қажетті ХҚО-ны, келу мақсатын көрсетіңіз;
- Келетін күн мен уақытты белгілеңіз.

Жоспарланған уақыттан 10-15 минут бұрын келуді ұсынамыз.