Қарттар күні!

Қарттар күні!

БҰҰ Бас Ассамблеясы 1 қазанды Қарттар күні деп жариялады. Содан бері елімізде жыл сайын соғыс және еңбек ардагерлерін әлеуметтік қолдау акциясы-айлығы өткізіліп келеді. Олардың ел байлығын арттыруға қосқан үлесін ұмытуға болмайды. Ардагерлерге қамқорлық жасау-ұрпақтардың қасиетті парызы. Ұлы Отан соғысына қатысушылар саны жылдан-жылға азайып барады. 1-ші қазан  бойынша ауданда барлығы 10 ардагер қалды. Тыл ардагерлерінің саны 2000-нан астам, оның ішінде 79- ардагер - 1941-1945 жылдары «Тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін» ордендер мен медальдармен марапатталған, 89-ы-қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері, 5-і Ленинградты қоршаушылар, 15-концлагерлер мен геттолардың кәмелетке толмаған тұтқындары, 1785-і 22.06.1941-09.05.1945 жылдары кемінде алты ай жұмыс істеген және бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының жанқиярлық еңбегі үшін ордендер мен медальдармен наградталмаған тыл еңбеккерлері. Олардың барлығы 85 және одан жоғары жастағы адамдар, 1941-1845 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың құқықтарына теңелген және қоғам тарапынан қамқорлық пен ілтипатқа мұқтаж.

         Біздің әкімдіктің бастамасы бойынша соғысқа қатысушылардың барлығы мемлекеттік мекемелерге бекітіліп, Қарағанды қаласы әкімі атынан халықаралық қарттар Күнімен құттықталды.  Сонымен қатар соғыс жылдарындағы 168 тыл еңбеккері (ордендермен және медальдармен марапатталған) және соғыс мүгедектерінің жесірлері біздің ауданымыздың демеушілік ұйымдарына бекітілді. 2021 жылдың маусым айында 58 ұйым басшыларына жылына екі рет - 9 мамыр Жеңіс күні және 1 қазан Қарттар күні - тыл еңбеккерлеріне демеушілік қайырымдылық көмек-әлеуметтік қолдау көрсету туралы өтініш хат жолданды. Қазіргі уақытта мереке өткізілгеннен кейін демеуші ұйымдардан ардагерлердің үйлеріне баруы және олардың құттықтаулары бойынша ақпарат жиналуда.

         Сонымен қатар, 1 қазан мереке күні аудан әкімінің орынбасары Д.Малдыбаев ардагерлер Кеңесінің төрағасы Камалиев, қалалық мәслихат депутаты Д.Полтаренкомен бірге 9 пансионат - қарттар үйінде болды, онда қамқорлыққа және назар аударуға мұқтаж 278 жалғыз басты адам тұрады. Оларға "Отау" ЖШС атынан шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ және "Тор Тини" ЖШС демеушілік ұйымы мен "Хани"кондитерлік фабрикасының атынан мерекелік дастарханға торттар табыс етілді. Пансионат жетекшілеріне Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің атынан алғыс хаттар табысталды.

         Дәстүр бойынша 1 қазан күні мерекелік дастарханға аудан әкімдігінен әр жылдары зейнеткерлікке шыққан ардагерлер шақырылып, сыйлықтар тапсырылды.

         Бұл күні барлық санаттағы қарттар аудан әкімі мен ардагерлер Кеңесінің атынан құттықтау хаттармен марапатталды.