2021 жылғы наурыз айындағы көктемгі мерекелер

2021 жылғы наурыз айындағы көктемгі мерекелер

2021 жылғы наурыз айындағы көктемгі мерекелер

                Күнтізбе кестесі бойынша алғашқы көктем мерекесі - бұл 8 наурыз әйелдер мерекесі. Әйел мен көктем - бұл табиғи үйлесімділік.  Бұл күні аудан әкімі аппаратының ер адамдары дәстүр бойынша өз әріптестерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды. Әйел қауымына қызғалдақ гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етіледі. Осылайша, халыққа қызмет етудің қиын да маңызды саласында қызмет атқаратын серіктестеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет танытылады.

         Жыл сайын 8 наурыз қарсаңында әкім, аудан мен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан, сонымен қатар еңбек және қоғамдық қызметтерде аянбай еңбек еткен Қазыбек би атындағы ауданның әйелдері қауымын, сондай-ақ соғыс және еңбек ардагерлерін, көп балалы аналарға арналған мерекелік қабылдау өткізеді. Биыл бұл шара Қазақстан халықтары ассамблеясының Достық үйінде аталып өтті. Қала басшылығының тапсырмасы бойынша аудан әкімі қала әкімінің Құрмет грамотасын 4 ханымға- кіші және орта бизнес саласы басшылары - Бочень Елена Михайловна, Киясова Айжан Казимировна, Мунасипова Марина Николаевна және Хохлова Надежда Юрьевнаға тапсырды.    

         Әйелдер күні дегенде ең алдымен ойға «Ана» деген сөз келеді. Ана - ол, әлемдегі ең аяулы, жанға жылу әкелер сезім. Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 ж. 15.01 № 493 Жарлығымен алты баланың анасы Ибраева Динара Сакенқызы «Күміс Алқа» төс белгісімен марапатталды. Шара барысында Нұрлан Рыстин көп балалы анаға мықты денсаулық,  бақытты өмір сыйлай отырып, ізгі тілекпен төс белгісін тапсырды.

         Мереке ескерткіш суретке түсумен аяқталды.

         Дәстүр бойынша 8-наурыз қарсаңында аудан әкімдігі Ұлы Отан соғысының нәзік жанды ардагерлерін құттықтайды. Ауданымызда 4 әйел ардагер бар, олар- Пономарева Серафима Григорьевна, Бенгард Татьяна Андреевна, Пелецкене Галина Ильинична және Шинкевич Мария Ефимовна. Сонымен қатар ауданымыздағы жастары жүзге жеткен сегіз ұзақ жасаушы-әйелдер құттықталды. Соғыс ардагерлерінің жесірлері – Түсүпова Қайша, Шәріпова Мапиш, Амелина Антонина Федеровна, Ткаченко Янина Иосифовна, Завидова Тамара Николаевна, сонымен қатар, соғыс мүгедегінің жұбайы Нежинская Татьяна Васильевна да көңілден тыс қалмады. Қоғамға еңбек сіңірген әйелдерді мерекелік құттықтау демеушілік көрсетуші ұжымдарға тапсырылды.

            Ұлттық Наурыз мейрамы наурыздың 14-25 аралығында тойланады.  Мерекенің әр он күні Қазақстан Республикасы үкіметінің бекітуімен мерекені тойлауға байланысты тақырыптармен бекітілген.  Мысалы, 19 наурыз-  мейірімділік көрсету күні. Бұл күні аудан әкімі аппаратының қызметкерлері «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы үйге барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімі» КМБ бірлесе отырып, 100 жалғыз басты мүгедектерді мерекемен құттықтап, азық-түлік салынған корзиналар таратты. Бұл шараны ұйымдастыруда «Оптимальный» ЖШС, «Аян» ЖШС, «Светофор» ЖШС-і 4 дүкенінің қызметкерлері мүгедектерге 40 дана сыйлықтар ұйымдастырып, өз көліктерімен жеткізіп беруге көмектесті.  Сыйлық алған мүмкіндіктері шектеулі 100 адам қазақтардың астрономиялық Жаңа жылы қарсаңында өздерін көктем мерекесімен құттықтап көңіл бөлгендері үшін қуанып, алғыстарын білдірді.

         19 наурыз мейірімділік көрсету күні аудан әкімдігі мерекелік дастарханға мүмкіндіктері шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсетуде мемлекеттік саясатқа белсенді қатысушы мүгедектердің сегіз Ерікті қоғам төрағаларын шақырды.         Оларға аудан әкімінің терең ризашылық білдірген  Алғыс Хаттары табысталды.

         5 наурызда Ұлы Отан соғысының ардагері Пожарицкий Иван Петровичке 97 жас, ал 24 наурызда  Балабас Александр Ильичке 95 жас толды. Тұрақты түрде демеушілік көмек көрсетуші ұжымдар «Стелла-AR» дәмханасы мен «Теплотранзит Караганда»  ЖШС аудан әкімдігінің қызметкерлерімен бірге туған күн иелерін құттықтап, сыйлықтар тапсырды.