
2026 жылғы 30 маусымда Қарағанды қаласында, Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің ғимаратында татуластыру рәсімдерін дамыту, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және азаматтардың, соның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған «Медиация – жанжалдардың алдын алу құралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі.
Бірлесіп ұйымдастырушылар – Қарағанды облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және «Право» қоғамдық қоры.
Дөңгелек үстел жұмысына сот жүйесінің, прокуратураның, ішкі істер органдарының, Әділет департаментінің, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының, білім бөлімінің, Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның өкілдері, кәсіби медиаторлар, заң кеңесшілері мен адвокаттар қатысады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты отбасылық, әлеуметтік, әкімшілік және өзге де жанжалдарды шешуде медиацияны қолданудың заманауи мүмкіндіктерін талқылау, сондай-ақ Қарағанды облысында татуластыру рәсімдерін дамытудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу.
Дөңгелек үстел аясында келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:
құқық бұзушылықтардың алдын алуда және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі прокуратураның рөлі;
Қарағанды облысының мамандандырылған соттарының төрағалары, прокуратура, Әділет департаменті, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, білім бөлімі, Заң кеңесшілері палатасының өкілдері, кәсіби адвокаттар мен медиаторлар баяндама жасайды.
Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар медиацияны қолдануды кеңейтудің практикалық тетіктерін талқылайды, табысты тәжірибелерімен бөліседі және татуластыру рәсімдерін одан әрі дамытуға, отбасы институтын нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және балалардың құқықтарын қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар енгізілген қарар қабылдайды.
Дөңгелек үстелдің өткізілуі дауларды бейбіт жолмен реттеу мәдениетін дамытудағы, ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтудағы және медиацияны жанжалдардың алдын алу мен қоғамдық келісімді сақтаудың тиімді құралы ретінде ілгерілетудегі кезекті қадам болмақ.
Өтетін күні: 2026 жылғы 30 маусым
Уақыты: 10:00–13:00
Өтетін орны: Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі.
БАҚ үшін байланыстағы тұлға:
«Право» ҚҚ
тел.: +7 (778) 253-14-66
e-mail: parvo_o_f@mail.ru