«Қауіпсіз балалық шақ» ЖПІШ

«Қауіпсіз балалық шақ» ЖПІШ
«Қауіпсіз балалық шақ» ЖПІШ
 
2026 жылғы 13–17 қаңтар аралығында Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында, «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында, ювеналдық полиция инспекторларымен бірлесіп «Қауіпсіз балалық шақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
 
Іс-шараның негізгі мақсаты — кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қолайсыз және өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды анықтау, сондай-ақ балалардың қараусыз қалуы мен оларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу.
 
Іс-шара барысында:
•61 рейдтік және тексеру іс-шарасы жүргізілді;
•47 тұрғылықты мекенжай бойынша тексеру жүзеге асырылды;
•33 қолайсыз отбасы және 28 есепте тұрған кәмелетке толмаған тексерілді;
•18 өмірлік қиын жағдайдағы отбасы анықталды;
•5 қолайсыз отбасы профилактикалық есепке алынды.
 
Тексеру нәтижесінде:
•ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша 7 әкімшілік құқық бұзушылық;
•ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша 2 әкімшілік құқық бұзушылық;
•ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша 1 әкімшілік құқық бұзушылық;
•кәмелетке толмағанның ойын-сауық мекемесінде болған 1 дерек анықталды.
 
Анықталған деректер бойынша:
•11 әкімшілік хаттама толтырылды;
•ата-аналар мен заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
•2 кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында медициналық мекемеге орналастырылды;
•4 материал Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жолданды.
 
Профилактикалық жұмыс аясында:
•білім беру ұйымдарында құқықтық тақырыпта 13 дәріс пен түсіндіру әңгімесі өткізілді;
•кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдеріне заң талаптарын сақтау және жауапкершілік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 
Іс-шараның өту барысы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланып, 3 ақпараттық материал орналастырылды.
 
🛡 Мұндай іс-шаралар заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.