Жақсы сөздермен жанымызды жылытайық

Жақсы сөздермен жанымызды жылытайық

Қазан айының алғашқы күні бірлік және ұрпақтар сабақтастығы болып табылатын қарттар күні мерекесі қарсаңында ғылымда, өмірде көрсеткен баға  жетпес ерен еңбектері, болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі даналықтары үшін жоғары буын өкілдеріне құрмет көрсету Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппаратында  дәстүрге айналған.  

         Бірінше кезекте құрмет Ұлы Отан соғысына қатысушы аудан ардагерлері, сонымен қатар жалғыз басты, оның ішінде қарттар үйіндегі қарттарға көрсетіледі.

         Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтау (бүгінгі күні олардың саны 20 адам), оларға тұрақты түрде демеушілік көрсетуші ұжымдарға тапсырылды. Олар: «Теплотранзит Караганда» ЖШС, «Олимп» МО, «№1 Машзавод» ЖШС, «Сулпак» СҮ,  «Арзу» дәмханасы, «Ригер»  ЖШС, «Siam SPA» салоны, «12 ай» дүкені, «Геомаш» ЖШС , «Гиппократ» МО, «Рубин» мейрамханасы, «Каргормаш-М» ЖШС, «Olimp Medikal Qroup» ЖШС, «Стелла-AR» ЖШС, «Шығыс» СҮ ЖШС, «Банк Центр Кредит» АҚ, «9 регион» Такси ЖШС, «Орбита» автокомплексі.Демеуші ұжымдар ардагерлерге мықты денсаулық, мерекелік көңіл тілей отырып, сыйлықтар тапсырды.

         Ауданның ұзақ өмір сүрушілерін (100 және одан жоғары жастағы) «Грандстор» СҮ құттықтап, ардагерлерге азық-түлік салынған пакеттер ұсынды.

         Аудан әкімінің аппараты зейнеткерлері бұл мерекені өз әкімдігінің қабырғасында атап өтті. Әдемі мерекелік дастархан жайылып, сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді. Аудан әкімдігінің «қарт түлектеріне»  әкімінің орынбасары Д. Малдыбаев, Қарағанды қаласы және Қазыбек би атындағы ауданның ардагерлер кеңесінің төрағалары Т. Зейнешов пен Ғ. Тұяқов жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау тілектерін айтты, сонымен қатар оларды «Хани»  кондитерлік ұжымы және «Кредо» ҚБ құттықтады.

         Аудан әкімінің тапсырмасымен Д. Малдыбаев ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Тұяқовты, оған қарасты ауданның 45 мың зейнеткерлерін қарттар күнімен құттықтап, «Гиппократ» МО демеушілік көрсетуімен, сыйлыққа телевизор ұсынды.

         Барлық қарттарға аудан әкімі Нұрлан Рыстиннің және ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Тұяқовтың атынан құттықтау открыткалары тапсырылды.

         Қала әкімінің тапсырмасымен аудан әкімдігіне Қарағанды қаласының тұрғыны, ұзақ жасаушы Колектиевская Нина Александровнаны құттықтау тапсырылды. Қазанның 1 күні үйіне барып, аудан әкімінің атынан ардагерді мерекесімен құттықтап «Шығыс»   СҮ атынан мерекелік корзина ұсындық.

         Еңбек және тыл ардагерлері Савчук Татьяна Ивановна және Фельзенмайер Антонина Федоровнаны «Благодать» қарттар үйінде құттықтадық. Ұсынған сыйлықтар мен гүл шоқтары, сонымен қатар жастардың жүрек жарды тілектерін естіп, ардагерлердің көңіл күйлерін көтеріліп, марқайып қалды.

         Жақында ған өмірдің сынағына ұшырап, баспанасыз қалып, соңында  еріктілердің көмегімен жаңа үйге ие болған отбасын құттықтадық. Қоныс тойымен қатар келген қарттар  мерекесімен Ивачева Римма Кузьминичнаны құттықтап аудан әкімінің атынан телевизор тарту еттік.

         Ардагерлерімізбен жақынырақ қауышып, олардың жүрек жарды әңгімелерін тыңдап, қарттар қатарымызда әлі бар кезде жастардың бойына  оларды сыйлауға, сүюге, аялауға, денсаулықтарына байланысты проблемаларын шешуге көмектесу сынды адамгершілік қасиеттерді сіңіруге  тырыстық. Қарттардың көбінің өмірге деген құлшыныстары жоғары. Оған мысал, Ұлы Отан соғысының ардагері, әйгілі қолбасшы - маршал Г.К.Жуков штабының аудармашысы, Нюрнбергтегі гитлерлік Германияның бұрынғы басшыларына  арналған сот процесінің мүшесі - Пономорева Серафима Григорьевна. Қазанның 3- де ол 93 жасқа толды. Үйіне барып, туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық тілей отырып, әлі де қатарда ұзақ жүре беруіне тілектестік білдіріп, жеміс салынған корзина мен гүл шоқтарын табыстадық.

         Мереке күні, қазанның 1-де «Батыр Ана»  медалінің иесі Нұрмағамбетова Бибігүл 90 жасқа толды. Оған Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамотасы және  тыл ардагері, Ұлы Отан соғысына қатысушының жесірі ретінде ауданның ардагерлер кеңесінің атынан материалдық көмек тапсырылды.

         Ардагерлермен қауыша отырып, олардан ұзақ та сәнді, сонымен қатар бақытты өмір сүруді үйренесің. Шын көңілден оларға қаржымас ерен еңбектері үшін зор  алғысымызды білдіре отырып,  ашық аспан астында жан жылуын, бақытты, белсенді ұзақ өмір сүрулерін тілейміз! Мерекелеріңізбен, аяулы да ардақты ардагерлер!