Ағымдағы жылдың 29 мамырында аудан әкімінің аппаратымен орталық саябақта көпқабатты тұрғын үйлерде терезелерді дұрыс пайдалану ережелерін сақтау бойынша парақшалар таратылды. Аталған іс-шара Қазыбек би атындағы аудан азаматтарын балалардың өмірін сақтау үшін терезелерді пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі шараларды сақтауға шақырады. Жаз мезгілінде жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынамыз.