
«Ардағым – ардагерім» акциясы аясында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай біз тыл ардагері Шпак Юлия Федоровнаға арнайы барып, құрмет көрсетіп қайттық.
Бұл бастама — жас ұрпақтың өткенге тағзым етіп, Отан үшін еңбек сіңірген жандарға деген ризашылығын білдіруінің жарқын үлгісі. Шпак Юлия Федоровна соғыстың ауыр жылдарында майдан шебінде болмаса да, тылда тынымсыз еңбек етіп, Жеңіске өз үлесін қосқан жан. Оның маңдай терімен келген еңбегі — бүгінгі бейбіт күннің негізі.
Ардагеріміздің үйіне арнайы азық-түлік себетін апарып, жылы лебізімізді жеткіздік. Юлия Федоровна бізді қуанышпен қарсы алып, өткен күндердің естеліктерімен бөлісті. Ол кісінің әрбір сөзі — тарихтың тірі куәсі, ұрпаққа өнеге.
Біз осындай ардагерлерімізді ардақтап, олардың ерлігін ұмытпай, кейінгі буынға насихаттау — қасиетті парызымыз деп білеміз.