Бас Прокурордың бұйрығымен Приозерск қаласының жаңа прокуроры тағайындалды.

Бас Прокурордың бұйрығымен Приозерск қаласының жаңа прокуроры тағайындалды.

Бас Прокурордың бұйрығымен Приозерск қаласының жаңа прокуроры тағайындалды. Приозерск қаласының прокуроры болып әділет кеңесшісі Тобықов Рауан Дайрбекұлы тағайындалды.

Р.Д.Тобықов еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.
Қарағанды облысы прокуратурасының Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот қаулыларының және Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры және аға прокуроры, Қарқаралы ауданы прокуратурасының аға прокуроры лауазымдарын атқарған.
2019 жылдан бастап Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының прокуроры болып қызмет атқарды.
Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 20 жылдан астам.

Ал, Досмаков А.Қ. Бас Прокурордың бұйрығымен Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының прокуроры болып тағайындалды.