Приозерск қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Приозерск қаласының жаңа әкімі тағайындалды

 

 

 Приозерск қаласында жаңа әкім таныстырылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша бұл лауазымға Нұрлан Ламбеков тағайындалды. Бұған дейін ол Осакаров ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Нұрлан Рымбайұлы 1964 жылы 1 қазанда Қарқаралы ауданы, Қоянды ауылында дүниеге келген.

Нұрлан Ламбеков еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында физика пәнінің оқытушысынан мектеп директорына дейін мансап жол жүріп өтті.

1995 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарқаралы ауданы Балықтыкөл ауылы, Қарағайлы кенті әкімдері лауазымдарын атқарды.
2006 жылдан 2012 жылға дейін Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысы, Қарқаралы қаласының әкімі, содан кейін Осакаров ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.
2012 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Осакаров ауданы әкімінің орынбасары болды.