Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сәуірдің бірінші онкүндігінде Приозерск қаласына барады. Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) 5-30-06 телефоны бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша қалдыруға болады: prio_akimat@krg.gov.kz.