2023 жылдың қаңтар айының 23 мен 26 күндер аралығында Приозерск қаласының аумағында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілетінін Приозерск қалалық ПБ хабарлайды.

2023 жылдың қаңтар айының 23 мен 26 күндер аралығында Приозерск қаласының аумағында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілетінін Приозерск қалалық ПБ хабарлайды.

Құрметті, Приозерск қаласының тұрғындары!
2023 жылдың қаңтар айының 23 мен 26 күндер аралығында Приозерск қаласының аумағында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілетінін Приозерск қалалық ПБ хабарлайды.
Осыған байланысты әкімшілік айыппұл салынған күннен бастап ҚР ӘҚБтК-нің 811 бабына сәйкес 7 тәулік ішінде айыппұлдың 50 пайызы мөлшерінде төлеуге мүмкіндік бар екенін жеткізеді. Көрсетілген мерзім аяқталған соң айыппұл толық мөлшерде төленеді.
ҚР ӘҚБтК-нің 893 бабына сәйкес төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды күшіне енген күннен бастап ерікті түрде төлеуге 30 тәулік уақыт беріледі. Алайда айыппұл көрсетілген мерзімде төленбеген жағдайда, әкімшілк материал мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларға жіберіледі. Бұл жағдайда айыппұлды өндіріп алу жұмысы үшін құқық бұзушы негізгі сомаға айыппұлдың 10-25 пайызын қосып төлейді.
Сонымен қатар, айыппұлды өз еркімен төлемеген жағдадйда ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша жауапкершілікке тартылатындарыңызы ескертеді. Яғни, «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау»
- жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.