Сынақ атыс дайындығында шыңдалады

Сынақ атыс дайындығында шыңдалады

Сынақ атыс дайындығында шыңдалады

 

         «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің жас сарбаздары кезекті бақылау тексерісін тапсырды.

Алдымен, сабақ жетекшілері жеке құрамды оқ атудағы барлық пәрмендi бiлуі, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезiндегi техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды.

Қауіпсіздік ережелерінен кейін жеке құрам автоматтан оқ атуды орындады. Сарбаздар нысананы көздеп, атыс жаттығуларын пысықтады. Жаттығу барысында әскери қызметшілер жауынгерлік даярлықтағы өздерінің біліктіліктерін анық байқатты.

Сабақтың бақылау тексерісі бойынша жеке құрам арасынан нысанаға дәл тигізуден жоғары ұпай жинап, үздіктер қатарынан көрінгендер де бар. Солардың бірі қатардағы жауынгер Сұлтанбек Молдаш.

Жауынгерлік оқ ату жаттығулары жеке құрамның атыс дайындығын жетілдіріп қана қоймай, оқ ату дағдыларын шыңдайды.

Жеке құрамның атыс дайындығы сабағын 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Жасұлан Абеков өзі бақылады.

– Сынақ атыс дайындығында шыңдалады. Әскери ортадағы әрбір сарбаз жауынгерлік даярлықтағы көрсетіп жүрген жетістіктері күннен күнге артып келеді. Олардың атыс дайындығындағы жоғары деңгейдегі көрсеткіштері жаттығулардың нәтижелері деп білеміз. Жеке құрам осымен тоқтап қалмай, жауынгерлік даярлық көрсеткіштерін одан әрі жақсарта беретініне сенімдімін, – деді әскери қызметшілердің атыс дайындығы сабағындағы көрсеткіштеріне жоғары баға берген бөлім командир.

 

 

        

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

лейтенант Думан Жұмашұлы