Мемлекеттік тұрғын үй қорына түгендеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлама

Мемлекеттік тұрғын үй қорына түгендеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлама

Мемлекеттік тұрғын үй қорына

түгендеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлама

 

            Қазіргі уақытта "Приозерск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ (бұдан әрі - ТҮКШ) теңгеріміне бекітілген Тұрғын үй қорына, түгендеу жүргізу жоспарлануда. Комиссиялық тексеру барысында барлық көппәтерлі тұрғын үйлер, сондай-ақ қоржынтүбектегі үйлер тексеріледі.

            16.04.1997 жылғы № 94 ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы заңды күшіне енгенге дейін, Приозерск қаласының кәсіпорындарымен, мекемелерімен берілген ордері бар, жылжымайтын мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқығына құқық белгілейтін құжаттарсыз тұрмысқа жайлы пәтерлерде тұратын барлық тұрғындары, құқық белгілейтін құжаттарды қолданыстағы заңнама нормаларының талаптарына сәйкес келтіру үшін "ТҮКШ" ММ жүгінуі қажет.

            Естеріңізге сала кетейік: — мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе ЖАО жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады - мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдаушыларға, коммуналдық қызметтерді көрсеткені үшін уақтылы ақы төлеу және жалдау ақысы бойынша берешекке жол бермеулері қажет.

            Барлық сұрақтар бойынша Приозерск қаласы, Пушкин көшесі 16, каб. 4 мекен жайындағы "ТҮКШ" ММ-не хабарласуыңызды сұраймыз. Тел. 8 (71039) 5 37 81.